Әлем4 қазан 2023, 15:50

Венециядағы жол-көлік оқиғасында 21 адам қаза тапты

Венециядағы жол-көлік оқиғасында 21 адам қаза тапты, зардап шеккендердің арасында бес украиналық бар, - деп хабарлайды Arbat.media.

Туристерді кемпингке бара жатқан автобус 3 қазан күні кешке қарай жол өткелінен құлап, өртеніп кеткен.

Corriere della Sera хабарлауынша, зардап шеккендердің арасында бес Украина азаматы, неміс, хорват, француз және италиялық жүргізуші бар.

Зардап шеккен 15 адамның кейбірінің жағдайы ауыр.

Бір нұсқа бойынша, жүргізуші өзін нашар сезінген, екіншісіне сәйкес, автобуста бір нәрсе өртенген.

Полиция сұраған куәгерлер екінші нұсқаны растамайды.

Венеция көлік апаты украиналқтар

Тақырыпқа жаңалықтар