Венгрия НАТО-ның Украинамен жақындасуына кедергі болмайды
Венгрия НАТО-ның Украинамен жақындасу жоспарына кедергі жасамайды. Бұл туралы Альянс бас хатшысы Йенс Столтенберг Венгрия премьер-министрі Виктор Орбанмен кездесуінен кейін мәлімдеді. Оның айтуынша, Будапешт НАТО-ның Украинаға қолдауын жоспарлап отырған кеңейтуге қатыспайды, бірақ бұл жобаға кедергі болғысы келмейді, - деп хабарлайды Arbat.media.
«Венгрия НАТО-ның кез келген шешімін басқа мүше елдер қолдайтын болса, оларға тосқауыл қоюға ниеті жоқ», - деп келтіреді Орбанның сөзін Reuters агенттігі.
Ол, сондай-ақ, альянстың бас хатшысының кепілдігіне сәйкес, Венгрия Украинаға қаржы бөлуге немесе ол жаққа ешқандай персонал жіберуге міндетті емес екенін атап өтті.
Бөлісу
Arbat media жаңалықтарына жазылу: