Харрис Трампқа қарсы теледебатта жеңіске жетті
Харрис Трампқа қарсы теледебатта жеңіске жетті. Бұған АҚШ-тың бірқатар медиа-компанияларының тапсырысы бойынша телекөрермендер арасында жүргізілген сауалнаманың нәтижесі дәлел. Респонденттердің 45 пайызы жеңісті Камала Харриске, 39 пайызы Дональд Трампқа берді, - деп хабарлайды Arbat.media.
Респонденттердің 44 пайызы қазіргі вице-президент Харриске теріс көзқарасын білдірсе, респонденттердің 51 пайызы Ақ үйдің бұрынғы басшысы Трампқа теріс көзқарас білдірді.
Бұл ретте респонденттердің 82 пайызы телевизиялық дуэлдің қараша айында өтетін АҚШ президенттік сайлауындағы дауыстарына әсер етпейтінін айтқан.
Бөлісу
Arbat media жаңалықтарына жазылу: