"Хезболла" жетекшісімен бірге Иран генералы өлтірілді
"Хезболла" жетекшісімен бірге Иран генералы өлтірілді. Израиль әуе күштерінің Бейрут маңындағы «Хезболла» ұйымының жер асты басқару орталығына жасаған соққысы нәтижесінде қозғалыс жетекшісі Хасан Насралламен бірге Ислам революциясы Сақшылар корпусы (СҚК) қолбасшысының орынбасары генерал-майор Аббас Нилфорушан қаза тапты, - деп хабарлайды Arbat.media.
Ол "Хезболлаға" көмектесу үшін Ираннан Ливанға жіберілген болатын, деп хабарлайды Иранның мемлекеттік ақпарат агенттігі Irna.
Ресми түрде Тегеран билігі әзірге IRGC генералының өлімі туралы ақпаратқа түсініктеме берген жоқ.
Бөлісу
Arbat media жаңалықтарына жазылу: