Жапония Ресейге қарсы санкцияларын кеңейтті
Жапония Ресейге қарсы санкцияларын кеңейтті, - деп хабарлайды Arbat.media.
Тізімге 135 заңды және жеке тұлға қосылды.
Жапония Сыртқы істер министрлігі жариялаған құжатта Қорғаныс министрінің орынбасары Татьяна Шевцова, Омбудсмен Татьяна Москалькова, Мәскеу облысының балалар омбудсмені Ксения Мишонова және тағы 32 ресейлік бар.
Олардың 16-сы Қырымды аннексиялауға және Донбасста соғыс басталғанына байланысты санкцияға ұшырады.
Жапондық санкция тізіміне енген ұйымдардың қатарында бірқатар ҮЕҰ мен ғылыми-зерттеу институттары, «Юнармия» және «Патриот ПМК» қоғамдық ұйымдары бар.
Ресейдің өнеркәсіптік емес гауһар тастары импортынының Батыс эмбаргосына Жапония да қосылды.
Бөлісу
Arbat media жаңалықтарына жазылу: