Әлем20 сәуір 2024, 16:34

Зеленский әскерилерге онлайн-казинода ойнауға тыйым салды

Зеленский әскерилерге онлайн-казинода ойнауға тыйым салды. Владимир Зеленскийдің жаңа жарлығына сәйкес, украиналық әскери қызметшілерге әскери жағдай кезеңінде онлайн құмар ойындарға қатысуға тыйым салынады, - деп хабарлайды Arbat.media.

Жоғарғы Рада бір ай ішінде құмар ойындарының барлық түрін, атап айтқанда, электронды байланыс құралдарын, Украина қарулы күштерінің және басқа да әскери құрылымдардың рәміздерін пайдалана отырып, жарнамалауға, құмар ойындарға тәуелділік қауіптеріне шектеу қою тәртібін әзірлейді және ақпараттық-түсіндіру жұмыстарын ұйымдастырады. 

Қабылданған шараларға 59-шы жеке мотоатқыштар бригадасының жауынгері Павел Петриченконың әскери қызметшілер қатарындағы құмар ойындарға тәуелділік фактілері туралы онлайн өтініші себеп болды.

Оның айтуынша, Украина қарулы күштерінің жауынгерлері көбінесе «барлық жәрдемақысын ойындарға жұмсайды және шағын несие алады немесе ломбардтарға дрондар мен тепловизорлар сатады.

Петиция бірнеше сағаттың ішінде президенттің қарауына қажет 25 мың қол жинады.

Зеленский онлайн-казино әскерилер тыйым

Тақырыпқа жаңалықтар