Әлем12 мамыр 2024, 0:22

Зеленский: Донецк облысындағы жағдай шиеленісіп тұр

Зеленскийдің айтуынша, Донецк облысындағы жағдай шиеленіскен күйінде қалып отыр. Ресей Донецк облысындағы Покровский бағытында шабуылын жалғастыруда, аймақтағы жағдай шиеленісіп отыр, деп хабарлады Украина президенті Владимир Зеленский азаматтарға арнаған кезекті видео үндеуінде, - деп хабарлайды Arbat.media.

Оның айтуынша, тек осы бағытта ғана өңірде күніне 30-ға дейін әскери қақтығыс болып жатыр.

Сонымен қатар, Украина әскерлері ресейлік күшке сәтті соққы беруді жалғастыруда, деді Зеленский.

Мысал ретінде ол Донецк облысының үстінде тағы бір Су-25 ұшағының құлағанын келтіріп, бұл үшін 110-шы жеке механикаландырылған бригада жауынгерлеріне алғыс айтты.

Шиеленісті жағдай Харьков облысында да байқалады, бірақ Украина ондағы позициясын нығайта алды.

«Ол жерге әскери күш келіп жатыр, артиллерия да қажетінше жұмыс істеп жатыр», - деді Зеленский.

Донецк облысы Президент Зеленский жағдай

Тақырыпқа жаңалықтар