Зеленский УҚК-нің Ресей аумағында операция жүргізгенін алғаш рет растады
Зеленский Украина қарулы күштерінің Ресей аумағында операция жүргізгенін алғаш рет растады. «Ең бастысы – Жоғарғы Бас қолбасшы Александр Сырскийдің біздің майдандағы қорғаныс іс-қимылдары мен Курск облысындағы операция туралы баяндамасы болды», - деп жазды Украина президенті өзінің Telegram-каналында кездесудің видеосын қоса беріп, - деп хабарлайды Arbat.media.
Зеленский, сондай-ақ, Украина Ішкі істер министрлігі мен Украина қауіпсіздік қызметіне «операция аумағына гуманитарлық жоспар» дайындауды тапсырды.
Баяндама барысында Украина қарулы күштерінің бас қолбасшысы Украина армиясы шамамен 1000 шаршы км Ресей аумағын бақылауда ұстайтынын мәлімдеді.
Бөлісу
Arbat media жаңалықтарына жазылу: