13 жасқа толмаған балалардың бокс бәсекелеріне қатысуына тыйым салынады

Туризм және спорт министрлігі спорттық жарыстарға қатысудың ең төменгі жас мөлшерін бекітті, деп хабарлайды Arbat.Media.

Бұйрық 1 тамыз күні күшіне енеді. Оған бірқатар олимпиадалық спорт түрі кіреді.

Мәселен, велоспорт жарысында бақ сынауы үшін бала 13-тен асуы керек. Ат спорты мен нысана көздеуге 12 жастан бастап қатысуға болады. Сондай-ақ министрліктің бұйырығына сәйкес, академиялық ескек есу мен еркін күреске – 10, жеңіл атлетикаға – 9, гольф, баскетбол, шайбалы хоккей мен футболға бала 8 жасқа толған соң баруға болады.

Ал 7 жастан кейін әртістік жүзу, үстел теннисі, жүзу, сноуборд және тау шаңғы спорты додаларына қатысуына рұқсат. Спорттық құзға өрмелеу мен бадминтоннан болатын сайыстарға 6 жастан бастап және батуттағы гимнастика мен спорттық гимнастикаға 5 жастан бастап қатыса алады.

 

бокс жас ерекшелік тыйым

Тақырыпқа жаңалықтар