14 тамызда Дағыстанның Махачкала қаласында 44 жастағы ер адам өлтірілді.

Тергеу нұсқасы бойынша, 38 жастағы Мұса Хизриев оған пышақпен шабуыл жасап, денесіне 20-ға жуық пышақ жарақатын салған, деп хабарлайды Arbat.Media.

Жәбірленуші алған жарақаттарынан оқиға орнында көз жұмған.

Тергеу комитетінің мәліметінше, қылмысқа кек алу себеп болған. Белгілі болғандай, қаза тапқан ер адам бұған дейін Хизриевтің ағасын өлтіргені үшін жазасын өтеп, жақында ғана түрмеден босап шыққан.

Қылмыс Максим Горький көшесінде болған. Шабуылдан кейін күдікті оқиға орнынан қашып кеткен. Қазір Дағыстан ІІМ қызметкерлері оны іздестіріп жатыр.

Тергеу Шабуыл Күдікті оқиға

Тақырыпқа жаңалықтар