Екі айға жуық іздеген: Теміртау маңынан үш баланың анасы өлі табылды
Теміртауда қыркүйек айында жоғалған 38 жастағы Ирина Керннің мәйіті табылды, деп хабарлайды Arbat.Media.
20 қыркүйектен бері іздестірілген әйелдің денесі бүгін қаладан 22 шақырым жерден табылған. Марқұмның денесінен зорлық-зомбылық белгілері анықталған.
Кісі өлтіруге қатысы болуы мүмкін деген күдікпен 40 жастағы ер адам ұсталып, уақытша ұстау изоляторына қамалды.
Осы дерек бойынша қылмыстық іс қозғалды. Тергеушілер оқиғаның мән-жайын анықтап жатыр.
Бөлісу
Arbat media жаңалықтарына жазылу: