1500-ден аса гидротехникалық құрылыс тексеруден өтті
Kazinform
Kazinform

1500-ден аса гидротехникалық құрылыс тексеруден өтті

Су және ирригация министрлігінің бассейндік инспекциялары Төтенше жағдайлар министрлігі және жергілікті атқарушы органдармен бірлесіп еліміздегі 1502 гидротехникалық құрылысқа зерделеу жүргізді, - деп хабарлайды Arbat.media.

Бұл шара су тасқыны кезеңіне дайындық аясында жүргізілді, деп хабарлады ведомстводан, - деп жазады Kazinform агенттігі.

Тексеру нәтижесінде гидротехникалық құрылыстардың иелеріне анықталған кемшіліктерді жою бойынша ұсыныстар берілді. Айта кетейік, елімізде 8 бассейндік инспекция бар. Ол Арал-Сырдария, Балқаш-Алакөл, Ертіс, Есіл, Жайық-Каспий, Нұра-Сарысу, Тобыл-Торғай және Шу-Талас бассейндік инспекциялары.

«Барлық су қоймалары бекітілген кесте бойынша жұмыс істейді, жоспар су тасқынына қатысты болжамдарға байланысты түзетілетін болады. Көктемгі су тасқыны кезінде еріген қар суын қабылдауға бос орынды қамтамасыз ету үшін елдің солтүстік, батыс, шығыс және орталық су қоймаларынан су жіберілді. Қазақстанның оңтүстігіндегі су қоймалары су жинау режимінде жұмысын жалғастыруда», - деп мәлімдеді Су ресурстарын реттеу, қорғау және пайдалану комитеті төрағасының міндетін атқарушы Гүлмира Имашева.

 

гидротехника Құрылыс Тексеру

Тақырыпқа жаңалықтар