19 жастағы Жасұлан Әбдіманапты өлтіргендердің жазасы сол күйінде қалды

Әскери соттың апелляциялық алқасы 19 жастағы Жасұлан Әбдіманапты өлтіргені үшін сотталған адамдардың шағымдарын қарады, деп хабарлайды Arbat.Media.

Түркістан облысында осы жылдың ақпанында Жасұлан Әбдіманапты 14 жерінен пышақтап өлтірген ефрейтор Мурод Әбдіжәмілов 15 жылға бас бостандығынан айырылды. Оның сыбайласы Диас Ибрагимов пен Адина Мамаева ауыр қылмыс жасағаны үшін сотталды. Ибрагимов екі жыл сегіз ай, ал Мамаева төрт жылға бостандығынан айырылған еді.

Жәбірленуші тараптың адвокаты Нұртуған Өмірзақ алдын ала сөз байласу арқылы адамдар тобы жасаған қасақана кісі өлтіру ісін қайта саралауды, моральдық зиян сомасын ұлғайтуды сұрады.

Сотталғандардың адвокаттары олардың кінәсі дәлелденбегенін және тек жанама дәлелдер келтірілгенін айтып, істі тоқтатуды талап етті.

Әскери соттың апелляциялық алқасы бірінші сатыдағы соттың үкімін өз күшінде қалдырды.

Түркістан Сарыағаш сот Әскер

Тақырыпқа жаңалықтар