Қазақстан жаңалықтары27 қараша 2023, 16:19

2-5 жастағы балаларды қызылшаға қарсы егу басталады

Денсаулық сақтау министрлігі балаларды қызылшаға қарсы вакциналау жоспарын құрып қойған, - деп хабарлайды Arbat.media.

«Қызылшаның таралуын болдырмау үшін қосымша жаппай иммундауға бірінші кезекте, 6-11 ай аралығындағы нәрестелер кіреді. Желтоқсан айынан 2 жастан бастап 4 жас 11 ай 29 күн аралығындағы балаларды бұған дейін қызылшаға қарсы екпе алғанына қарамастан, иммундау өтеді. Қызылшаға қарсы екпесі жоқ медицина қызметкерлерін вакциналау жоспарланған».

Балаларға жоспарлы екпе жасау көрсеткіштеріне ай сайын мониторинг жасалады.

Мектепке дейінгі білім мекемелеріндегі балаларды кемінде 90 пайыз екпемен қамту бағытындағы жұмыс күшейтілген.

Денсаулық сақтау министрлігі қызылша вакциналау желтоқсан

Тақырыпқа жаңалықтар