202 жұмысшы жұмыс орнында ажал құшты
Былтыр өндірісте 202 адам қаза тапқан, деп хабарлайды Arbat.Media.
Бұл туралы Еңбек министрі Светлана Жақыпова айтты.
Жазатайым оқиғадан 1 408 адам зардап шекті. Олардың ішінде 202 адам көз жұмды. 445 мыңнан астам жұмыс орны қауіпті саналады, – деді басшы Үкімет отырысында. Сондай-ақ 15 976 адам кәсіптік еңбекке қабілеттілігінен айырылған.
«Оның ішінде 8 204 адам аурулардан және 7 771 адам өндірісте алған жарақаттан зардап шеккен», - деді министр.
Бөлісу
Arbat media жаңалықтарына жазылу: