23 тамызда Астанада қоғамдық көлік тегін болады
23 тамызда Қазақстан Республикасы Құрылтайы депутаттарының сайлауы күні Астана қаласында қоғамдық көлікте жол жүру тегін болады, деп хабарлайды Arbat.Media.
Tarlan Astana жеңіл рельсті көлік жүйесінде; қалалық бағыттарда; экспресс-бағыттарда; қала маңы бағыттарында жолушылар тегін жүре алады.
Бұл шешім азаматтардың сайлау учаскелеріне кедергісіз қатынауын қамтамасыз ету мақсатында қабылданған. Жауапты компания тұрғындардан сапарларын алдын ала жоспарлауды сұрайды.
Бөлісу
Arbat media жаңалықтарына жазылу: