45 млн теңгені қалтасына басқан алаяқ Польшадан табылды

45 млн теңгеге алаяқтық жасады деген күдікті Польшадан экстрадицияланды, деп хабарлайды Arbat.media.

Қазақстан Республикасының Бас прокуратурасы, Ішкі істер министрлігі және Сыртқы істер министрлігінің бірлесіп, аса ірі көлемде алаяқтық жасағаны үшін қылмыстық жауапкершілікке тарту мақсатында Қазақстан азаматын Польшадан экстрадициялады.

Ол 2023 жылы Польшадан екі жүк көлігін алып келуге уәде беріп, жәбірленушінің 45 миллион теңге көлеміндегі қаражатын иемденіп, өз міндеттемелерін орындамай, иемденген қаражатпен жасырынған деген күдікке ілінді.

Ағымдағы жылғы ақпанда ол Бодзентын қаласында ұсталып, Қазақстан Республикасы Бас прокуратурасының сұрау салуы бойынша Отанына экстрадицияланды.Қазіргі уақытта ұстау изоляторына қамаққа алынды.

Айыпталған қылмысты жасағаны үшін мүлкі тәркіленіп, бес жылдан он жылға дейінгі мерзімге бас бостандығынан айыру жазасы қарастырылған.

Польша Ақпарат сот Үкім
8 мамыр 2025 Қазақстан жаңалықтары
8 мамыр 2025 Қазақстан жаңалықтары
8 мамыр 2025 Қазақстан жаңалықтары
8 мамыр 2025 Қазақстан жаңалықтары

Тақырыпқа жаңалықтар