Талғарда тағы атыс болды: 4 адам ауруханаға жеткізілді

Талғарда атыс болып, 4 адам ауруханаға жатқызылды, деп хабарлайды Arbat.media.

Талғар ауданындағы атыс туралы ақпарат 8 мамыр күні кешке әлеуметтік желіде тарады. Полиция оқиғаны растады және аталған факті бойынша бірнеше қылмыстық іс қозғалғанын хабарлады. Қазіргі уақытта сотқа дейінгі тергеу жұмыстары жүргізіліп жатыр. Біп адам ұсталды.

«Жедел іс-шаралар нәтижесінде қақтығысқа қатысқандардың барлығы анықталды. Жарақат алып, ауруханаға жеткізілген төрт күдікті қазіргі уақытта медициналық қызметкерлердің бақылауында. Тағы бір адам ұсталып, уақытша ұстау изоляторына қамалды», - деп хабарлады полиция.

Талғар Атыс болды
8 мамыр 2025 Қазақстан жаңалықтары
8 мамыр 2025 Қазақстан жаңалықтары
8 мамыр 2025 Қазақстан жаңалықтары
8 мамыр 2025 Қазақстан жаңалықтары

Тақырыпқа жаңалықтар