5 қарашада ауа райы қандай болады?
5 қарашада Қазақстанның батысы мен солтүстік-батысында жаңбыр мен қар жауып, кей жерлерде жауын-шашын күшейеді. Ел аумағында желдің күшеюі, түнде және таңертең тұман түсуі күтіледі, деп хабарлайды Arbat.Media.
Астанада күн ала бұлтты болып, жауын-шашын жаумайды. Түнде ауа температурасы −4…−6°C-қа дейін төмендеп, күндіз +7…+9°C-қа көтеріледі. Оңтүстік-батыстан соғатын желдің жылдамдығы түнде 2–7, күндіз 9–14 м/с болады.
Алматыда күндіз өткінші жаңбыр жауады. Түнде +4…+6°C, күндіз +11…+13°C жылы болады. Солтүстік-шығыстан соғатын жел батысқа ауысып, жылдамдығы 3–8 м/с, күндіз екпіні 13 м/с-қа жетеді.
Шымкентте түнде және таңертең жаңбыр жауып, тұман түседі. Ауа температурасы түнде +6…+8°C, күндіз +16…+18°C болады. Оңтүстік-шығыстан соғатын желдің жылдамдығы 5–10 м/с шамасында күтіледі.