5 жастағы бала жаттығу кезінде көзінен айырылды
Оралда 5 жастағы Ерсултан ММА жаттығуында бір көзінен айырылды, деп хабарлайды Arbat.Media.
Анасының айтуынша, 15 жасар жасөспірім, баласының үстіне ауыр дөңгелек лақтырып, ол батареяға соғылып қалған.
Екі рет ота жасалғанымен, көру қабілетін қайтару мүмкін болмады, балаға мүгедектік тағайындалды.
Полиция жаттықтырушы мен жасөспірімге қатысты қылмыстық іс қозғағанымен, кейін "қылмыс құрамы жоқ" және "жасы кіші" деген себеппен істі жапқан. Ата-анасы секцияда қауіпсіздік сақталмайтынын және бақылау жоқтығын сынға алды.
Бөлісу
Arbat media жаңалықтарына жазылу: