“639,6 млн теңге”: “Теңізшевройл” ЖШС-ге айыппұл салынды

“Теңізшевройл” ЖШС-ге айыппұл салынды, деп хабарлайды Arbat.Media.

Мамандандырылған табиғат қорғау прокуратурасы «Теңізшевройл» ЖШС-нің атмосфераға экологиялық рұқсат етілген нормалардан тыс 49,3 тонна ластаушы заттарды шығарғанын анықтады. Оның ішінде 4,9 тоннасы қоршаған ортаға арнайы рұқсатсыз тасталған.

Осыған байланысты әкімшілік іс қозғалып, аталған кәсіпорынға 639,6 млн теңге көлемінде айыппұл салынды.

Айыппұл салынды қаражат сот

Тақырыпқа жаңалықтар