7-сынып оқушысы балконға ілініп тұрған бес жасар баланы құтқарды
Елордалық тұрғын үй кешендерінің бірінде № 31 мектеп-гимназияның 7Д сынып оқушысы Ақан Әкімжанов қайғылы жағдайдың алдын алды. Бұл жайында қала әкімдігі жария етті, - деп хабарлайды Arbat.media.
20 мамыр күні Ақан аулада ойнап жүргенде 4-ші қабатта балконда ілулі тұрған баланы байқап қалған.
Ол уақыт оздырмай бірден қимылдап, жүгіріп барып балконда ілініп тұрған 5 жасар баланы құтқарып қалды.
Ақан Әкімжанов көпбалалы отбасынан шыққан.
Ол өзінің осынау әрекетін кішкентай баланы көргенде ойланбастан жасағанын әрі өзінің де іні-қарындастарының бар екенін айтады.
Бөлісу
Arbat media жаңалықтарына жазылу: