95 млн теңге жымқырған шымкенттік алаяқ Түркиядан елге қайтарылды

Түркияның Анталья қаласында аса ірі мөлшерде сериялық алаяқтық жасады деген күдікке ілінген Қазақстан азаматы ұсталып, елге қайтарылды, деп хабарлайды Arbat.Media.

Бұл туралы ҚР Бас прокуратурасының баспасөз қызметі мәлім етті.

Тергеу нұсқасы бойынша, күдікті 2019-2020 жылдары Шымкент қаласының төрт тұрғынын алдап, олардың қаражаты мен жер телімдерін заңсыз иемденген. Жәбірленнушілерге келтірілген жалпы шығын көлемі 95 миллион теңгеге жуық.

Қылмыс жасағаннан кейін күдікті жауапкершіліктен қашып, шетелге жасырынған. Соған байланысты оған халықаралық іздеу жарияланды.

түркия Шымкент алаяқ Қылмыс

Тақырыпқа жаңалықтар