АЭС құрылысына ақша қазынадан бөлінбейді — қаржы институттары тартылады
ФОТО: КТК
КТК
Қазақстан жаңалықтары16 қазан 2024, 14:00

АЭС құрылысына ақша қазынадан бөлінбейді — қаржы институттары тартылады

Атом электр станциясы құрылысына ел қазынасынан бірде-бір тиын бөлінбейді. Үкімет жобаны салатын консорциум бірнеше қаржы институтын тартады деп жоспарлап отыр. Өйткені құрылысқа қатысатын ешбір мемлекет АЭС құрылысына мұндай үлкен соманы жеке бөлуі екіталай, - деп хабарлайды Arbat.media.

Ұлттық экономика министрінің сөзінше, алдағы бес жылда тек жоба-сметасы әзірленеді, деп жазады КТК телеарнасы.

Осы ретте Қазақстан өз мүддесін қорғайтын тұсын бүге-шігесіне дейін қалдырмай жазуға тиіс.

Сондай-ақ алдағы 50 жылға арналған тараптар міндеттемесі мен құқығы да нақты көрсетілмек.

Коммерциялық жоба о бастан шамамен 10-15 млрд долларды қажет етуі мүмкін деген болжам айтылған. Бірақ одан асып түсуі мүмкін екенін мердігер қазірден-ақ, жобаны әзірлеуде ескеруі қажет деді министр.

Нұрлан Байбазаров, ҚР Ұлттық экономика министрі:

— Біз бұл саланы мұқият зерттейміз. Өйткені мұндай жобамен бірінші рет айналысып отырмыз. Салаға қатысты бар тетігін, қаржы көзін саралап, дұрыс таңдау жасаймыз. Бұл жерде қауіпті азайтудың қаржы көздері бар, тетіктері бар, оның бәрі қолданылады. Менйің ойымша, мұндай екі есе өсу деген жобаларда қолданылмайды.

 

қаржы институттары АЭС Қаржы

Тақырыпқа жаңалықтар