Әйелін өлтірген 73 жастағы зейнеткер 10 жылға сотталды
БҚО қылмыстық істер жөніндегі мамандандырылған ауданаралық сотта 73 жастағы зейнеткерге қатысты үкім шықты. Аталмыш соттан түскен мәліметке қарағанда, зейнеткер ҚР ҚК 99-бабы 1-бөлігіне сәйкес айыпты деп танылды, - деп хабарлайды Arbat.media.
Орал қаласында ер адам өзімен 48 жыл бірге тұрған зайыбын өлтірген, - деп жазады Kazinform агенттігі.
«Зейнеткер өздерінің тұрып жатқан пәтерінде әйелін соққыға жығып, аяқкиімнің бауымен қылғындырып, сосын қолымен мойнынан буындырып өлтірген. Сот отырысында сотталушы жасаған іс-әрекетіне өкінетіндігін, қылмысын мойындайтынын көрсетті», - деп хабарлады ведомстводан.
Сот үкімі күшіне енген жоқ.
Бөлісу
Arbat media жаңалықтарына жазылу: