Air Astana БАӘ-ге ұшатын рейстерді тоқтатты

Air Astana БАӘ-ге жоспарланған жақын күндердегі рейстерді тоқтатты, деп хабарлайды Arbat.Media. 

Компанияның мәліметінше, 13 және 14 шілдеге жоспарланған KC897/898 Алматы – Дубай – Алматы рейстері, сондай-ақ 14 шілдеге белгіленген KC205/206 Астана – Дубай – Астана рейстері тоқтатылды.

"Жолаушылар билеттердің толық құнын сатып алған жері арқылы қайтара алады немесе 12-18 шілдеге жоспарланған рейстерді 31 шілдені қоса алғандағы күндерге тегін ауыстыра алады. Рейстер кестесіндегі кейінгі өзгерістер туралы қосымша хабарланады", – делінген хабарламада.

Ұшақ Әуе рейс борт
10 шілде 2026 Қазақстан жаңалықтары
10 шілде 2026 Қазақстан жаңалықтары
10 шілде 2026 Қазақстан жаңалықтары

Тақырыпқа жаңалықтар