Алматыда ер адам танысын пышақтап өлтіріп, мәйітін жертөлеге жасырған
Алматының Медеу ауданында адам өлтіру дерегі тіркелді. Бұл туралы қалалық полиция департаменті хабарлады, деп хабарлайды Arbat.Media.
Алдын ала мәлімет бойынша, жеке тұрғын үйде ішімдік ішіп отырған екі ер адамның арасында жанжал шыққан. Кикілжің соңы қайғылы жағдайға ұласып, ер адам танысын пышақтап өлтірген.
Қылмыстан кейін күдікті ізін жасыру мақсатында марқұмның денесін үйдің жертөлесіне апарып жасырған.
Аталған дерек бойынша қылмыстық іс қозғалды. Күдікті ұсталып, уақытша ұстау изоляторына қамалды.
Бөлісу
Arbat media жаңалықтарына жазылу: