Қытайда мемлекеттік құпияны шетелге берген шенеунік өлім жазасына кесілді
Қытайдың орталық аппаратында қызмет еткен тегі Ма есімді шенеунік шетелдік барлау қызметіне мемлекеттік құпияларды бергені үшін өлім жазасына кесілді, деп хабарлайды Arbat.Media.
Тергеу мәліметінше, оны шетелде жұмыс істеп жүрген кезінде шетелдік барлау қызметі өзіне тартқан. Қытайға оралғаннан кейін ол кураторының тапсырмасымен 100-ден астам барлау есебін шетелге жолдаған. Олардың 35-і кейін мемлекеттік құпия ретінде танылған.
Бөлісу
Arbat media жаңалықтарына жазылу: