Air Astana Дубайға ұшатын рейсін қайта тоқтатты

Air Astana әуе компаниясы Ормұз бұғазы мен өңірдегі жағдайдың ушығуына байланысты 21 шілде мен 31 тамыз аралығында Дубайға ұшатын рейстерді уақытша тоқтатты, деп хабарлайды,Arbat.Media.

Әуе компаниясының мәліметінше, мұндай шешім Ормұз бұғазы мен өңірдегі ахуалдың одан әрі күрделенуіне байланысты қабылданған.21 шілдеге дейін рейстер жолаушыларды елге қайтару мақсатында кесте бойынша орындалады, – делінген хабарламада.

Компания жолаушыларға бірнеше мүмкіндік ұсынды. Олар:

билетті сатып алған жері арқылы оның толық құнын қайтарып ала алады;

сапар күнін қосымша ақысыз кейінгі мерзімге ауыстыра алады;

немесе билетті Air Astana әуе компаниясының басқа халықаралық бағытына тегін қайта брондай алады.

Қосымша ақпарат пен көмек алу үшін әуе компаниясы тәулік бойы жұмыс істейтін брондау және ақпарат орталығына хабарласуды, сонымен қатар WhatsApp, арнайы байланыс желісі немесе ресми сайттағы онлайн-чат қызметін пайдалануды ұсынады.Бұған дейін Таяу Шығыстағы қақтығыстың шиеленісуіне байланысты Air Astana Астанадан Дубайға ұшып шыққан ұшақты кері қайтарып, Алматыдан жоспарланған рейсті де тоқтатқан еді.

Ұшақ Әуе рейс Жолаушы

Тақырыпқа жаңалықтар