Air Astana мен FlyArystan Дубайға рейстерді уақытша тоқтату мерзімін 30 қыркүйекке дейін ұзартты
Бұл шешім Таяу Шығыстағы тұрақсыз жағдайдың сақталуына байланысты қабылданған, деп хабарлайды Arbat.Media.
Бұған дейін FlyArystan рейстердің 15 қыркүйекке дейін уақытша тоқтатылғанын хабарлаған болатын.
Компания мәліметінше, Ақтау – Дубай бағыты бойынша билеттер 3 қазаннан бастап қысқы ұшу кестесі аясында қолжетімді.
Air Astana мәліметінше, қазанда бұл бағыттар бойынша ұшу кестесіне өзгерістер енгізіліп, рейстер жиілігі қысқартылды.
Бөлісу
Arbat media жаңалықтарына жазылу: