Air Astana рейстері Иран әуе кеңістігін айналып өтеді
Air Astana компаниясы кейбір тұрақты және чартерлік рейстердің Иран әуе кеңістігін айналып ұшатынын мәлімдеді. Бұл өзгеріс Шарм-эль-Шейх, Дубай, Доха және Медина бағыттарына қатысты, деп хабарлайды Arbat.Media.
Айналып ұшу салдарынан ұшу және қону уақыты өзгеретіндіктен компания жолаушылардан рейс мәртебесін алдын ала тексеруді сұрайды.
Бұған дейін Иран қауіпсіздікке байланысты ел үстіндегі әуе кеңістігін көп рейс үшін жапқанын мәлімдеген.
Air Astana жағдайды бақылауда ұстап отырғанын хабарлады.
Бөлісу
Arbat media жаңалықтарына жазылу: