Air Astana Таяу Шығысқа рейстерді 31 мамырға дейін тоқтатты

Air Astana Таяу Шығысқа рейстерді 31 мамырға дейін тоқтатты. Себебі өңірдегі жағдай әлі де қауіпті дейді, деп хабарлайды Arbat.Media.

Компания мәліметінше, жолаушылар билет ақшасын толық, айыппұлсыз қайтара алады. Сонымен қатар 31 шілдеге дейін сол класта тегін қайта брондай алады.

Бағытты басқа рейстерге ауыстыруға да болады. Бірақ тариф пен алым айырмасы қосымша төленеді екен.

Ал егер билет бұған дейін айыппұлмен қайта брондалған болса, ұсталған қаражат қайтарылмайды.

таяу шығыс Ұшақ рейс Қауіп

Тақырыпқа жаңалықтар