АИТВ инфекциясын әдейі жұқтырған теміртаулық сотталды
Теміртауда ауыр дерті барын біле тұра, қасақана әйелдермен жақындасып АИТВ-инфекциясын жұқтырған ер адам сотталды, - деп хабарлайды Arbat.media.
Сот оны 6,5 жылға бас бостандығынан айырып, жазасын қауіпсіздігі орташа түрмеде өткізу туралы үкім шығарды, деп хабарлайды.
Қылмыстық істі Теміртау қалалық соты жабық сот отырысында қарады. Айыпкерге 5 жылдан 10 жылға дейін бас бостандығынан айыру түріндегі жазаны көздейтін ҚР ҚК-нің 118-бабы 3-бөлігі (ауруын біле тұра, басқа адамға АИТВ жұқтырған) бойынша айып тағылды.
Бөлісу
Arbat media жаңалықтарына жазылу: