Алакөл мен Балқашқа апаратын жол пайдалануға беріледі
Келер жылы Алакөл мен Балқашқа апаратын жол пайдалануға беріледі, - деп хабарлайды Arbat.media.
Бүгінде аталған жол 90% дайын. Сондай-ақ Алакөлге Тальго пойызы қатынай бастайды.
«Туризм саласында инфрақұрылымды дамытудағы мәселенің бірі – жол. Алакөл мен Балқашқа апаратын жол келесі жылы беріледі. Жолдың 90 пайызы дайын. Балқашқа апаратын жолды 2024 жылдың қарашаның соңына дейін бітіреміз. Сондай-ақ былтыр Үшарал әуежайы толық жөндеуден өтті. Үлкен ұшақтарды қабылдай алады. Одан бөлек, Алакөл маңындағы Ақши ауылына Тальго пойызы қатынай бастайды», - деді Жетісу облысының әкімі Бейбіт Исабаев.
Бөлісу
Arbat media жаңалықтарына жазылу: