Алаяқтар рәсімдеген кредит кешіріле ме?

Алаяқтық жолмен рәсімделген несие кешіріледі деген ақпарат шындыққа жанаспайды, деп хабарлайды Arbat.media.

Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігінің өкілдері осылай деді. Ведомство азаматтарды алаяқтықтан қорғау шаралары жүйелі түрде жүргізілетінін еске салып, құрбандардың құқықтары қорғалатынын жеткізді.

Сондай-ақ әр азаматтың «Стоп-кредит» қызметін таңдап, өз еркімен несие алудан бас тартуға құқығы бар.

Айта кету керек, бүгінде қаржы қызметтерін тұтынушылардың құқықтарын күшейту үшін депутаттар тарапынан қосымша заңнамалық өзгерістер ұсынылып отыр.

 

Қылмыс алаяқ Ұсыныс

Тақырыпқа жаңалықтар