Алаяқтар тұрғын үйді сылтауратып алдап бастады

Қазақстанда тұрғын үйді жалға беру сылтауымен жасалатын интернет-алаяқтық фактілері жиіледі, деп хабарлайды Arbat.Media.

Алаяқтар өздерін пәтер иесі немесе риелтор ретінде таныстырып, баспананы көрсетпестен алдын ала төлем сұрайды. Ақшаны алған соң байланыс үзiліп, көрсетілген пәтер жоқ боп шығады немесе бөтен адамға тиесілі екені белгілі болады.

Осыған байланысты Ішкі істер министрлігі әлеуметтік желілерде, мессенджерлерде және хабарландыру сайттарында жарияланатын “бағасы арзан”, “шұғыл жалға беріледі”, “иесі қалада жоқ”, “төлем жасап қоймасаңыз, басқа адам алып қояды” деген ұсыныстардан сақ болуға шақырды.

алаяқ тұрғын үй сылтау Қылмыс

Тақырыпқа жаңалықтар