Алаяқтықтың жаңа түрі белең ала бастады

Алаяқтықтың жаңа түрі белең алуда, деп хабарлайды Arbat.Media.

Бас прокуратураның мәліметінше, қаскөйлер жеткізу қызметтері мен басқарушы компаниялар атынан жалған хабарлама жіберіп, тұрғындарды өздеріне қайта хабарласуға мәжбүрлейді.

«Қате авторизация» немесе «домофонды ауыстыру қажет» деген сылтаулар арқылы әлеуметтік инженерия тәсілдерін қолдануға мүмкіндік алады.

Ведомство азаматтарға беймәлім хат-хабар мен қоңырауларды мұқият тексеріп, ұйымдардың ресми сайттарында көрсетілген нөмірлер арқылы қайта хабарласу қажеттігін ескертеді.

алаяқ Қылмыс Заң Прокуратура

Тақырыпқа жаңалықтар