Алимент: 300 мың бала қаржылық қолдаудан айырылған
2024 жылдың мамыр айында Қазақстанда алимент төлеушілердің қарызы 20 миллиард теңгеге жетті. Бұл 300 мыңнан астам бала заңды түрде қажетті қаржылық қолдаудан айырылғанын білдіреді, дейді "Жаңа адамдар" жастар қозғалысының баспасөз қызметі, - деп хабарлайды Arbat.media.
Мәліметке сай, елдегі ажырасқан ер адамдардың 43%-дан астамы балаларына төленетін алимент мөлшерін азайту үшін табыстарын төмен көрсетеді. Ал 221 мың қазақстандық балаларының алдындағы міндеттерін мүлде орындамайды. Бұл - қоғамды алаңдатарлық мәселе, - деп жазады Kazinform агенттігі.
Алимент төлемеу мәселесіне жауап ретінде Жаңа адамдардың «Нағыз азамат» азаматтық науқаны белсенділері Балаларды қорғау күніне арналған көрме ұйымдастырды. Ол жерде мәселенің ауқымын көрсететін нақты статистика ұсынылды.