Қазақстан жаңалықтары8 сәуір 2025, 13:18

Алматы әкімінің орынбасары заңсыз ісі үшін жазаланды

Алматы әкімінің орынбасарына айыппұл салынды, деп хабарлайды Arbat.media.

Ол бизнесті заңсыз тексергені үшін айыпталды.

Мәліметтерге сенсек, қала әкімі аудан әкімдіктерінің қызметкерлеріне тапсырма берген. Олар өз өкілеттігінің шегінен шығып кәсіпкерлерден құжаттарды заңсыз негізде ұсынуды талап еткен. Мұндай әрекеттер заңнамаға қайшы келеді. Себебі тексерушілерде құжат талап ету үшін құқықтық негіздер болмаған.

Нәтижесінде аудан әкімдігінің 6 лауазымды тұлғасына 500 АЕК (1 966 000 теңге) айыппұл салынды.

Ал Алматы қаласы әкімінің орынбасарына 100 АЕК (393 200 теңге) мөлшерінде айыппұл салынды.

Әкім, Алматы,

Тақырыпқа жаңалықтар