Қызылорда облысында екі судья пара алғаны үшін сотталды
Қазалы аудандық сотының төрағасы Д.Әбдіқалықов пен судья С.Бертай 9 жыл мерзімге бас бостандығынан айырылды, деп хабарлайды Arbat.Media.
Олар ҚР Қылмыстық кодексінің 366-бабы 3-бөлігінің 2-тармағында және 366-бабы 3-бөлігінің 2, 4-тармақтарында көзделген сыбайлас жемқорлық қылмыстарды жасағаны үшін кінәлі деп танылды.
ҰҚК биыл қаңтар айында аталған лауазымды тұлғаларды ірі мөлшерде пара алу дерегі бойынша ұстаған болатын.
Бөлісу
Arbat media жаңалықтарына жазылу: