Алматы әуежайында құбыр құлауына байланысты әкімдік мәлімдеме жасады
Алматы халықаралық әуежайы аумағында құрылыс жұмыстары барысында құбырлар құлаған, деп хабарлайды Arbat.Media.
Оқиғаға байланысты қала әкімдігі жоспардан тыс тексеру жүргізілетінін хабарлады.
Алдын ала дерек бойынша, оқиға 11 маусым күні әуежай аумағындағы құрылыс алаңында болған.
«Қазіргі таңда Қала құрылысын бақылау басқармасы оқиғаның мән-жайын анықтап, тиісті материалдарды жинақтап жатыр. Жиналған құжаттар кейін жоспардан тыс тексеруді тіркеу үшін прокуратура органдарына жолданады. Тексеру барысында құрылыс нормаларының сақталуы және құрылыс-монтаж жұмыстарының заң талаптарына сәйкестігі бағаланады», - делінген ақпаратта.
Бөлісу
Arbat media жаңалықтарына жазылу: