Алматы әуежайында ұсталған ақтаулық прокурордың ісі қайта қаралатын болды

Алматы қаласының Авиациялық көлік прокуроры ақтаулық прокурордың ісін тоқтату туралы Ақтау қаласының мамандандырылған сотының шешімімен келіспейтінін жеткізді, деп хабарлайды Arbat.Media.

Ведомствоның ақпаратына сәйкес, Алматы қаласының Авиациялық көлік прокуроры ұсақ бұзақылық фактісі бойынша Ерболат Әбдіровке қатысты істі тоқтату туралы Ақтау қаласының мамандандырылған сотының шешіміне шағым түсірді.

Сот актісінің заңдылығы мен апелляциялық шағымның дәлелдері Маңғыстау облыстық сотында белгіленген тәртіпте қаралатын болады.

"Қызметтік тексеру жүргізілуіне байланысты "Құқық қорғау қызметі туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 38-бабы 1-бөлігінің 2) тармағына сәйкес Әбдіров Ерболат оның жауаптылығы туралы мәселе түпкілікті шешілгенге дейін қызметінен уақытша шеттетілді",- делінген хабарламада.

Алматы Ақтау Прокурор Қылмыс
11 қыркүйек 2025 Қазақстан жаңалықтары
11 қыркүйек 2025 Қазақстан жаңалықтары
11 қыркүйек 2025 Қазақстан жаңалықтары

Тақырыпқа жаңалықтар