Алматы маңындағы тасжолда көлік жүргізушілер төбелесіп қалды
Алматы - Бішкек тасжолы бойында төбелескен көлік жүргізушілердің видеосы әлеуметтік желіге шықты, - деп хабарлайды Arbat.media.
Бұл туралы Kazinform агенттігі жазады.
Бейнежазбада бір жүргізушінің көлік ішіндегі екінші жүргізушіні соққыға жығып жыққанын көруге болады. Сондай-ақ постта оқиға Алматы-Бішкек тасжолы бойында болғаны жазылған.
Алматы облысы Полиция департаментінің баспасөз қызметі көлік ішіндегі жүргізушіні соққыға жыққан жігіттің ұсталғанын хабарлады. Ол 36 жастағы Алматы облысының тұрғыны болып шықты.
«Қазіргі уақытта оқиғаның барлық мән-жайын, толықтығын, жан-жақтылығы мен объективтілігін қамтамасыз ету үшін сараптама тағайындау арқылы барлық қажетті тергеу амалдары жүргізілуде. Ұсталған азамат кінәсін мойындап, заңмен белгіленген тәртіпте уақытша ұстау изоляторына қамалды. Ол жол бойында апатты жағдай жасап, көлік қозғалысына қасақана кедергі келтіргені үшін жауапқа тартылды», - деп хабарлады полициядан.