Алматы облысында әскери ұшақ іздестіріліп жатыр

Алматы облысында әскери ұшақ әуеде жоғалып кетті, деп хабарлайды Arbat.Media.

25 шілдеде Алматы облысының ТЖД кезекші бөліміне үш экипаж мүшесі бар Қорғаныс министрлігінің тікұшағы Луговой елді мекенінен ұшып шығып жоғалып кетті. Ұшақ Отар аумағында байланысқа шықпай қалған.

Оқиға орнына дереу ҚР ТЖМ-нің күштері мен құралдары, соның ішінде "Қазавиақұтқару" тікұшағы жұмылдырылды.

Іздестіру-құтқару жұмыстарына ТЖМ бөлімшелері, Апаттар медицинасы орталығы, Республикалық жедел-құтқару жасағы мен ТЖМ авиациясы жұмылдырылды. Барлығы 100-ден астам адам мен 15-ке жуық бірлік техника, оның ішінде авиация мен ұшқышсыз ұшу аппараттары тартылды.

Іздестіру-құтқару жұмыстары жалғасуда.

 

Алматы Ұшақ Апат жоғалды
Кеше, 9:28 Қазақстан жаңалықтары
24 шілде 2025 Қазақстан жаңалықтары
24 шілде 2025 Қазақстан жаңалықтары
Кеше, 11:25 Қазақстан жаңалықтары

Тақырыпқа жаңалықтар