Қазақстан жаңалықтары16 қыркүйек 2025, 14:20

Алматы облысында ауыл әкімі мінген көлік аударылды

Алматы облысы Райымбек ауданында ауыл әкімі мінген көлік аударылып, бір адам көз жұмды, деп хабарлайды Arbat.Media.

Қайғылы оқиға 13 қыркүйек күні Нарынқол-Сарыжаз автожолында болды. Bestune T55 маркалы көлігін басқарып келе жатқан Талғар ауданы Тұздыбастау ауылының тұрғыны, көлік тізгініне ие бола алмай қалып, аударылып кеткен. Апат салдарынан 1987 жылы туған Шыңғыс Мұхтарбайұлы Өкенов қаза тапты. Ал жол апатынан зардап шеккендер арасында Талғар ауданының ауылдық округінің әкімі де бар.

Аталған дерек бойынша ҚР ҚК 345-бабының 3-бөлігімен сотқа дейінгі тергеу басталды.

Көлік Алматы облыс Әкім
Кеше, 12:30 Қазақстан жаңалықтары
14 шілде 2026 Қазақстан жаңалықтары
14 шілде 2026 Қазақстан жаңалықтары
14 шілде 2026 Қазақстан жаңалықтары

Тақырыпқа жаңалықтар