Алматы облысында бір топ адам жас жігітті тауға апарып ақша бопсалаған

Алматы облысында бір топ адам жас жігітті таулы аймаққа күштеп апарып, 10 млн теңге бопсалаған, деп хабарлайды Arbat.Media.

Полицейлер күдіктілерді уақытша ұстау изоляторына қамады.

Алдын ала мәлімет бойынша, сәуірдің 16-сынан 17-сіне қараған түні Талғар ауданында күдіктілер 28 жастағы жігітті адамдар аз жүретін жерге алдап шақырған.

«Кейін олар пышақпен қорқытып, күш қолдану арқылы жәбірленушіге дене жарақатын келтіріп, оны таулы аймаққа күштеп алып кеткен», - дейді полициядағылар.

Күдіктілер жас жігітке қатысты полицияға жалған ақпарат таратамыз деп қорқытып, 10 млн теңге талап еткен.

Сондай-ақ құны шамамен 17 млн теңге болатын көлігін кепіл ретінде алып қойған.

Алматы Талғар бопсалау жігіт

Тақырыпқа жаңалықтар