Алматы облысында ер адам қызын өлтіріп алды

Талғарда ер адам мас күйде 15 жасар қызын пышақтап өлтірген, деп хабарлайды Arbat.Media.

Оқиға Талғар ауданы Тұздыбастау ауылында болған. Мас ер адам қызы отырған ас үйге кірген. Екеуінің арасында дау туып, әкесі пышақ алып, өз қызын бірнеше рет пышақтаған. Жасөспірім оқиға орнында көз жұмған.

Ер адам есін жиған соң туыстарына қоңырау шалып, қылмысын мойындаған. Ол қызымен жиі жанжалдасып жүрген.

Қыз әкесінің алкогольді көп қолданатынына ренжіп, бірнеше рет полицияға хабарласқан. Ер адам полицияға: "Ол мені маскүнем деп атады. Сосын көзім қарауытып кетті" деп айтқан.

Ер адам қамауға алынды. Қазір тергеу изоляторында.

Талғар Алматы облыс полиция

Тақырыпқа жаңалықтар