Алматы облысында мұғалім оқушысын сотқа берді

Алматы облысында мектеп оқушысына ұсақ бұзақылық бойынша әкімшілік хаттама толтырылды, деп хабарлайды Arbat.Media.

Талғар аудандық соты 11-сынып оқушысына қатысты істі қарады.

Сот мәліметінше, 23 қаңтар күні физика сабағы кезінде оқушы партаның үстінен секіріп өтіп, дәретханаға шығып кеткен. Кейін сыныпқа оралып, мұғалімнен кешірім сұрап, партаны сүртіп қойған.

Сот оқушы партаның үстінен мәжбүрлі түрде секіргенін анықтады. Себебі жанында отырған сыныптасы оны өткізуден бас тартқан.

«Бұл жағдай бейнежазбамен, мұғалімнің түсініктемесімен расталды. Мұғалім оқушыны дәретханаға жібермегенін растады», деп хабарлады Талғар аудандық соты.

Сот әкімшілік құқық бұзушылық құрамы болмағандықтан істі тоқтатты.

Алматы Оқушы Мектеп облыс

Тақырыпқа жаңалықтар