Алматы облысында тандыр нан сатып жүрген адамды пышақтап кетті
Алматы облысы Талғар ауданындағы Ақтас ауылында ер адам қаза тапты, деп хабарлайды Arbat.Media.
Марқұм тандыр нан сатып жүрген.
Полицияның алдын ала мәліметінше, ер адамдар арасында сөзге келіспеушілік туындаған. Жанжал кезінде күдікті жәбірленушіні пышақпен екі рет ұрып, оқиға орнынан қашып кеткен. Ер адам алған жарақатынан көз жұмды.
Полиция 56 жастағы күдіктіні ұстады. Ол уақытша ұстау изоляторына қамалды. Департамент мәліметінше, күдікті кінәсін мойындаған.
Аталған факті бойынша адам өлтіру ісі бойынша қылмыстық іс қозғалды.
Бөлісу
Arbat media жаңалықтарына жазылу: