Алматы облысында транс ұлттық қылмыстық тобының мүшелеріне қатысты үкім шығарылды

Алматы облысында транс ұлттық қылмыстық тобының мүшелеріне қатысты үкім шығарылды, деп хабарлайды Arbat.Media.

Алматы облысының қылмыстық істер жөніндегі мамандандырылған ауданаралық соты синтетикалық есірткі заттарын өндірумен және өткізумен айналысқан трансұлттық ұйымдасқан қылмыстық топ құрамындағы 7 шетел азаматына қатысты үкім шығарды.

Облыс прокуратурасының уйлестіруімен полиция қызметкерлері 3 жасырын есірткі зертханасын анықтады. Тінту барысында заңсыз айналымнан 90 кг астам дайын синтетикалық психотроптық заттар, 1 тоннадан астам прекурсорлар мен химиялық компоненттер, сондай-ақ оларды дайындауға арналған құрал-жабдықтар тәркіленді.

Мамандардың бағалауынша, тәркіленген заттардың «қара нарықтағы» құны 1,5 млрд теңгеден асады.

Сотта мемлекеттік айыптаушы сотталушылардың кінәсін толық дәлелдейтін бұлтартпас айғақтарды ұсынды. Қылмыстық іс құжаттарын жан-жақты зерттеу нәтижесінде сот оларға 19 жылдан 20 жылға дейінгі бас бостандығынан айыру жазасын тағайындады.

 

Алматы Қылмыс Жаза сот

Тақырыпқа жаңалықтар